Шетелдік көліктерді «аулау» басталды
Шетелдік көліктерді «аулау» басталды

Шымкентте шетелдік нөмірлі көліктердің жүргізушілері жасаған 275 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Жатжұрттық нөмірдегі автомобильдердің жол жүрісі ережелерін жиі бұзатыны байқалады. Оларды енді тәртіп сақшылары «Автомобиль» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында «аулап» жатыр.

12 қазанда басталған жедел-профилактикалық іс-шараның жетінші күнінде тек Шымкенттің өзінде көлік жүргізушілеріне қатысты 4 504 әкімшілік құқық­бұзушылық тіркелді. Оның ішінде шетелдік мемлекеттік белгілері бар көлік жүргізу­шілерінің 275 әкімшілік құқық­бұзушылыққа барғаны анықталып, хаттама толтырылды. Оның 27-сі­нің «темір тұлпары» тәркіленген және арнайы автотұраққа қойыл­ған. Атап айтқанда, міндетті сақтандыру заңнамасын бұзғаны – 17, техникалық байқаудан өтпегені – 20, жүргізу барысында ұялы телефонмен сөйлескені – 6, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өткені – 8. Бұдан бөлек, қозғалыста жаяу жүргіншіге ба­сым­дық бермеген – 3, қауіпсіздік белдігін тақпаған – 26, авариялық жағдай туындатқан – 2, көлік құралын мас күйде басқарған – 2, тиісті құжатсыз басқарған – 13, жол бетін ластаған 33 жүргізуші әшкереленді. Сондай-ақ өзге де құқықбұзушылықтар бойынша 129 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл іс-шара 10 қарашаға дейін жалғасады. Осындай іс-шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтып, алдын алуға септігін тигізеді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысының барлық қатысушы­ларынан жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Елдос СЕНБАЙ