Шарманов атындағы сыйлық табысталды

Шарманов атындағы сыйлық табысталды

Денсаулық сақтау және дұрыс тамақтану саласында ерен еңбек етіп жүрген ғалым­дарға мха­лықаралық сыйлығы табысталды.

Биыл 16 ақпанда елімізде Төрегелді Шарманов халықаралық қоры құрылды. Оның қызметі денсаулық сақтаудың жалпыға бірдей құқығы идеясын дамытуға бағытталған. Қордың қызметі аясында 19 қазанда Шарманов халық­аралық сыйлығын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Лауреаттар қатарында жаһан­дық ауқымда алғашқы медицина­лық-санитарлық көмектің дамуына ықпал еткен ғалымдар, Джон Хоп­кинс университетінен доктор Дэвид Бишай мен Майка Шлайфф бар. Алайда  шетелдік ғалымдар онлайн қатысты. Сондай-ақ COVID-19-ды емдеудің қазақстан­дық клиникалық хаттамасын әзірлеушілер Бақыт Көшерова мен Амангүл Дүйсенова да лауреаттар тізіміне енген. Лауреаттарға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық, медаль мен диплом табысталды. Лауреаттар тізімі 17 қыркүйекте Төрегелді Шарманов халықаралық қоры Қамқоршылар кеңесінің бірінші отырысында жариялаған еді. Қамқоршылар кеңесінің құрамына Олжас Сүлейменов, Асанәлі Әшімов, Мұрат Әуезов, Қуаныш Сұлтанов, Юрий Пя және Серік Ақшолақов сияқты белгілі қоғам қайраткерлері кірді. Салтанатты іс-шараға Шарманов халықаралық қорының қам­қор­шылар кеңесінің мүшелері, сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қатысты. Төрегелді Шарманов халық­аралық қорының миссиясы – ден­сау­лық сақтау және дұрыс тамақ­тану саласындағы жас және бола­шағы зор ғалымдардың жобаларын қолдау. Сонымен қатар тамақтану мәселелерімен айналысатын әлем­дік  академиялық орталықтарда мамандарды даярлауға гранттар бөлу жосапарда бар. Қордың басым бағыттарының бірі – ғалымдарға халықаралық сыйлық тағайындау арқылы олардың денсаулық сақтау­дың жалпыға бірдей құқығын қам­тамасыз етуге қосқан үлесін атап өту.

А.ЖАНАСЫЛ