Заң жобасы Бюджет кодексіне сәйкес, Қазақстанның 2022 – 2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы негізінде әзірленді.
Елімізде 2022 – 2026 жылдары халықтың әл-ауқатын жақсатуға қатысты шешімдер әлемдік нарықтағы бағаның құбылуына қарай өзгеруі мүмкін.Жан басына шаққандағы ЖІӨ 2022 жылы – 10,7 мың АҚШ доллар болса, ол 2026 жылы 14,2 мың долларға көбеймек.ЖІӨ-нің нақты өсуі 2022 жылы 3,9% деңгейінде болады деген болжам бар. Ал 2026 жылы 5,2%-ға дейін өседі. Алдағы орта мерзімді кезеңге ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8% болады.
Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2022 жылы – 4,0-6,0%, 2023 – 2024 жылдары 4,0-5,0% шегінде айқындап отыр. Ол кейіннен 2025 – 2026 жылдары 3,0-4,0%-ға дейін төмендетіледі.
Бұған дейін Үкімет отырысында пандемиядан кейін экономиканы қайта дамытуға бағытталған Ұлттық жоспарлар талқыланған еді.