Ауа райы: күн күрт суытып, боран соғады
Ауа райы: күн күрт суытып, боран соғады
Фото: baribar.kz
169
оқылды

Синоптиктердің болжамынша, Мурманск жақтан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады.

Көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз 2-10 градус аралығында болады. 22 қазаннан бастап батыстағы ауа райына антициклон әсер етеді.

Жауын-шашын азайып, күндіз ауа температурасы 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.