Ньюборн: ұлттық киімдегі сәбилердің фотосессиясы
Ньюборн: ұлттық киімдегі сәбилердің фотосессиясы
©voxpopuli.kz
707
оқылды

"Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі" деген екен ұлы адамдар. Расымен, өзіміздің ұлттық киімге не жетсін!? Ұлттық киіміміз арқылы әлемге өзімізді, қазақ халқын танытамыз. Әрине, бүгінде бұл киімнің күнделікті өмірге енуі – қиындау. Дегенмен мерекеде, той-томалақта ұлттық нақышта киінетіндерді жиі кездестіреміз. Бүгінде қазақы киімдегі нәрестені фотоға түсіру де сәнге айналды. Жалпы, нәрестеңізді ұлттық нақышта суретке түсіріп көрдіңіз бе?

[caption id="attachment_166846" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption] Қазақстанда ньюборн жанрында фотосессия жасау соңғы уақытта күрт көбейді. Ал сәби ұлттық нақышта киініп түссе, тіпті әсерлі көрінеді. Негізі мұндай суретке нәрестені қырқынан шығармай жатып түсірген абзал. [caption id="attachment_166847" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption]

"Жаңа туған сәбиді алғашқы екі аптада түсірген дұрыс. Бірақ көп ата-ана баласының қырқынан шыққанға дейін суретке түсірмек түгілі, сырт көзге көрсетуге қорқады. Ал ол кезде бала бәрін сезеді, өзінше істейді. Алғашқыдай жиырылып жатпайды, тіктеп не ұзыннан жатқанды ұнатады. Оның үстіне, бір айлық сәби бір қалыпта қозғалмай, ұзағынан жата алмайды. Тіпті, кейбірі сол аралықта салмақ қосып, өсіп қалады. Ондай кезде сурет мүлдем басқаша шығады", – дейді фотограф Әсель Ботаханова. 

[caption id="attachment_166848" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption] Фотографтың осы салада жұмыс істеп жүргеніне 6 жыл болыпты. Сол аралықтың ішінде 600-ден астам отбасын түсірген екен. [caption id="attachment_166850" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption] Әр нәрестенің киімін, декорациясын Әсель Ботаханова өзі тігіп, дайындайды. [caption id="attachment_166852" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption] Оның айтуынша, жаңа туған сәби алғашқы екі аптада тыныш болады. [caption id="attachment_166855" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption] – Алғашқы үш күн мен екі аптаның аралығында нәресте өте епті, икемге тез келеді. Қандай қалыпқа салсаң да ұйықтап жата береді. Ондай кезде түсіру жеңіл, екі есе аз уақытың кетеді, – дейді ол. [caption id="attachment_166857" align="alignnone" width="1024"]нәресте ©voxpopuli.kz[/caption]