«Кальмар ойынын» оқушыларға көрсетпеу қажет – министрлік
«Кальмар ойынын» оқушыларға көрсетпеу қажет – министрлік
Фото: joinfo.com

Бұған дейін психологтар «Кальмар ойыны» кәмелеттік жасқа толмаған балалар үшін қауіпті екенін айтқан болатын.

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова көптеген ата-ананы алаңдатқан оңтүстіккореялық «Кальмар ойыны» сериалы туралы пікір білдірді, – деп жазды inform.kz.

«Фильм 18 жастан асқан ересектерге арналған. Ең алдымен үйде ата-аналар осыған назар аударуы қажет. Мектепте де осы мәселені қадағалаған жөн. Балалардың психикасы үшін кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы керек», – деді Шолпан Каринова.

Бұған дейін «Кальмар ойыны» туралы жазған болатынбыз.