Ақтауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
Ақтауда екі көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды
© liter.kz
155
оқылды
Ақтауда жол апаты салдарынан екінші көліктің жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.  Қайғылы оқиға 19 қазан сағат 21:10 шамасында болған. Ақтау қаласы Полиция басқармасының «102» кезекші пультіне «Каспий Битум» мекемесі жанындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақыру түскен. Анықталғандай, Nissan Terrano автокөлігінің жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, қарсы жолда келе жатқан Лада 21703 автокөлігімен соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан Лада 21703 автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен жолаушы Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, дәл сол күні жолдың тыйым салынған жерін кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткенін хабарлаған болатынбыз. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 59 жастағы ер адам оқиға орнында алған жарақатынан көз жұмды.