Аяжан Еділованың өлімі: Күдіктіні қалай соттайтыны белгілі болды
Аяжан Еділованың өлімі: Күдіктіні қалай соттайтыны белгілі болды
© azattyq-ruhy.kz
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 19 жастағы Аяжан Еділованы зорлау және аса қатыгездікпен өлтіру туралы іс түсті, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі. 
«Бұл іс жыныстық қолсұғушылыққа қатысты болғандықтан, жабық режимде өтеді. Алдын-ала тыңдауда істі қарау мәселесі алқабилердің қатысуымен немесе судьямен жеке шешіледі», - делінген хабарламада.
Істің қай күні қаралатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін 19 жастағы Аяжан Еділованы өлтірген қылмыскер 32 жылға сотталуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.