Қарашаңырақ білім берудің жаңа моделіне көшті
Қарашаңырақ білім берудің жаңа моделіне көшті
©Досжан Балабекұлы
201
оқылды

Қазан айының басында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Қансейтіұлы Түймебаев БАҚ өкілдерін университет қабырғасындағы медиа турға шақырып, атқарылған шаруалармен таныстырып, болашақ жоспарымен бөлісті. Ректор деректерді келтіре отырып зерттеу университетіне қадам басқанын жеткізді.

Бүгінде университет инфрақұрылымы үлкен өзгеріске түсті. Университетте оқу корпустары, зерттеу нысандары, әлеуметтік ғимараттар күрделі жөндеуден өтті. Жаңа нысандар құрылысының жоспары бекітілді. Студенттер өнеркәсіптік өндіріс ошақтарымен тығыз байланысын күшейтіп, ұлттық зертханалар мен академиялық институттармен байланыс артады. Университет, факультет басшылары ғылыми зерттеулерге құйылар қаржы көздерін тартуға күш салады. Университеттің басты байлығы да, қоры да – адам. Студенттер, магистранттар, докторанттар, ғалым-ұстаздарға деген әлеуметтік ынталандыру стратегиясы жаңа формаға көшті. Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті инфрақұрылымы, ғылыми және академиялық потеницалы бойынша зерттеу университетіне көшу кезеңінде бұқара алдында жауапты кезеңді бастан кешіруде. Қазақстан жағдайында зерттеу университеті қажет екен деп шетелдік үлгіні көшіре салу дұрыс емес. Қазақстандық жоғары білім беру саласында озық дәстүрлер бар. Зерттеу университеті әрдайым үздіксіз, толассыз дамып, өзгеріп, жаңарып отыратын құрылым. Ондағы әрбір білім алушы да, білім беруші тұлға да осынау жауапкершілікті рухани, ізгілік тұрғысынан сезіне білуі тиіс, даяр болуы да маңызды.

Гүлмира Сұлтанбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор