Оливер Стоун Римде Елбасы туралы «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді таныстырды
Оливер Стоун Римде Елбасы туралы «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді таныстырды

Әлемге танымал режиссер Оливер Стоун Рим кинофестивалінде өзі продюсерлік еткен «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді таныстырды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 

Фильм Елбасының сұхбаты негізінде түсірілген.

Кинорежиссер Оливер Стоун бұрынғы Кеңес Одағындағы Орта Азия мемлекеттерін жан-жақты зерттеп, әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Оның таңдауы жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа түскен. Фильмде Елбасының тұлғалық қырлары және адами қасиеттері бейнеленген.