Әлемге танымал режиссер Оливер Стоун Рим кинофестивалінде өзі продюсерлік еткен «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді таныстырды. Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Фильм Елбасының сұхбаты негізінде түсірілген.
Кинорежиссер Оливер Стоун бұрынғы Кеңес Одағындағы Орта Азия мемлекеттерін жан-жақты зерттеп, әлемге ұсынуға лайық тұлға іздеген. Оның таңдауы жаңа заманның жаңа көшбасшысы ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевқа түскен. Фильмде Елбасының тұлғалық қырлары және адами қасиеттері бейнеленген.