Атырау облысында жол бойында жүк көлігі өртеніп кетті
Атырау облысында жол бойында жүк көлігі өртеніп кетті
384
оқылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, №2 Мақат аудандық өрт сөндіру бөліміне сағат 14:43-те жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен.
«Өрт сөндірушілер «Доссор-Құлсары» тасжолының жиегінде MАЗ маркалы жүк көлігінің жанып жатқанын анықтады. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы «Ағатай-Газ» ЖШС-не тиесілі 2014 жылы шығарылған жүк көлігі Маңғыстау облысының Бейнеу ауданына бағыт алған. Көліктің жартылай тіркемесіне бос қазан тиелген. Жалынның салдарынан жүк көлігінің 8 дана дөңгелегі, 2 дана аккумуляторы мен жанармай багы өртеніп кетті», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Жүк көлігін шарпыған өрт сағат 15:11-де оқшауланып, 3 минуттан соң толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 қызметкер мен 1 арнаулы техника жұмылдырылды. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.