Тағылымдама бағдарламасында мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық жоспарлау, тұрақты даму стратегиясы, экологиялық мәселелерді шешу, экологиялық білім, елдің ғылыми-техникалық дамуы, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік тұрғын үй бағдарламалары, елдің әлеуметтік саясаты: демография мен білім, елдің цифрлық трансформациясын дамытуға арналған бағдарламалар секілді салаларды дамыту үлгілерін қамтиды. Тәжірибе алмасу сағаттарын ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының тәжірибелі сертификатталған жоба менеджерлері мен бизнес-тренерлері өткізуде.
«Біз бұл шараны ресейлік әріптестеріміздің бастамасы бойынша өткізіп отырмыз. Академияның Ресейдегі ең басты серіктесі Халық шаруашылығы және мемлекеттік академиясының тәлімгерлеріне арнап арнайы оқыту бағдарламасын әзірледік. Еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінің негізінде жүрген мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларын және жетекші спикерлерді шақырдық», – деді ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің меңгерушісі Әйгерім Әбілова.Тағылымдама бағдарламасы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау тәсілдері бойынша келесідей өзекті мәселелерді қамтиды: Мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық жоспарлау; Тұрақты даму стратегиясы, экологиялық мәселелерді шешу, экологиялық білім; Елдің ғылыми-техникалық дамуы; Елдегі шағын және орта бизнесті дамыту; Әлеуметтік тұрғын үй бағдарламалары; Елдің әлеуметтік саясаты: демография мен білім; Елдің цифрлық трансформациясын дамытуға арналған бағдарламалар; Елдердің кеңістіктік және аумақтық жоспарлануы және т.б. Сонымен қатар елдің ұлттық жобаларын құрып, оны жүзеге асырудың басы-қасында жүрген сарапшы-мамандар шақырылды. Олар «Жасыл Қазақстан», «Электронды үкімет», «Bilimdi Ult», «Қауіпсіз мемлекет», «Рухани жаңғыру» секілді жобалардың белгіленген мерзімде орындалуы мен нәтижесін тәжірибеге сүйене отырып түсіндірді. Ресейліктерді әсіресе «Мықты аймақтар – ел дамуының қозғаушы күші» ұлттық жобасы қызықтырды. Аталмыш жоба аясында «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары сәтті іске асып, халықтың әлеуметтік жағдайын біршама жақсартқаны белгілі. Тағылымдама барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарын аралап, ұлттық жобаларды жүзеге асыруда Қазақстанның тәжірибесімен танысады. Шара 2021 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.