ШҚО-да бір үйдің төрт баласы иістен уланды
ШҚО-да бір үйдің төрт баласы иістен уланды
Фото: Zakon.kz
157
оқылды
Бүгін ШҚО-да бір отбасының төрт баласы тазаланбаған түтін мұржасынан зардап шекті. Қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауылында болды. Төрт адам улы газдан уланып, барлығы ауруханаға жатқызылды. ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер – 2010, 2002 және 2000 жылы туған ер балалар және көп мөлшерде зардап шеккен 2006 жылы туған қыз бала. Қалғандарының жағдайы орташа деп бағаланып отыр.
"Балалар таңғы сағат жетіде ауруханаға түсті, ата-ана медициналық көмекке жүгінбеген. Зардап шеккен үш адамның жағдайы орташа, қыздың жағдайы әлі ауыр. Барлығы ауруханаға жатқызылды", – деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Тамызда ШҚО ТЖД қызметкерлері осы үйдің тұрғындарына пешті жылыту маусымына дайындау қажет екенін ескерткен, бірақ үй иелері өрт сөндірушілердің кеңесіне құлақ аспаған.