21 қазанға арналған ауа райы болжамы
21 қазанға арналған ауа райы болжамы
Фото: zen.yandex.ru
342
оқылды

Жел күшейіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндіз нөсер жаңбыр, қар жауады.

Тек шығыста және солтүстік-шығысында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің батыс және оңтүстік-шығысында, орталығында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл, батысында, солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Ақмола облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында соққан желдің жылдамдығы 25 м/с-ке жетеді. Түркістан облысында түнде таулы аудандарында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, күндіз таулы аудандарында екпіні 23 м/с-ке күшейеді. Қызылорда облысында таңертең және күндіз солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Маңғыстау облысының түнде батысында, солтүстік-шығысында тұман болып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысында түнде шығыс облысында көктайғақ, солтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Алматы облысының Алакөл ауданында желдің 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі. Қостанай облысының батысында, солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман күтіледі, батысында, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с-ке жетеді. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде батысында, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман болып, күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында жел 15-20 м/с-ке күшейіп, солтүстігінде түнде тұман күтіледі.