Дүкенде есірткі сақтаған зейнеткер ұсталды
Дүкенде есірткі сақтаған зейнеткер ұсталды
Фото: yandex.kz
166
оқылды

Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасына Риддер қаласы тұрғынының есірткі сақтағаны туралы хабар түсті.

Жедел уәкілдер тінту жүргізіп, 73 жастағы зейнеткерге тиесілі дүкеннен кептірілген көкнәрдің сабағын тапты.

ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, сараптама есірткінің жалпы салмағы 30 грамнан асатынын анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұған дейін есірткі жасырған оқушы туралы жазған болатынбыз.