Үкімет жанындағы Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді.