Интернет арқылы елді алдайтын алаяқтарды анықтайтын арнайы топ құрылды
Интернет арқылы елді алдайтын алаяқтарды анықтайтын арнайы топ құрылды
Фото: atr.kz
175
оқылды

Қалалық полиция департаменті интернеттегі алаяқтыққа қарсы күресті күшейту мақсатында интернет ресурстардың қауіпсіздік қызметі басшылары және төлем компаниялары, екінші деңгейлі банктердің өкілдерімен кездесу өткізген.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков: «Департаментте ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды. Сондай-ақ, алаяқтық жарнамасы бар сайттар анықталуда, олар «Кибербақылау» жүйесі арқылы бұғаттау үшін ІІМ жіберіледі. Жыл басынан бері барлығы 457 сайт бұғатталды. Біз қоғамды ғаламтор арқылы алаяқтық жасау және алдын алу жолдары туралы үнемі хабардар етіп отырамыз», – дейді.

Жыл басынан бері Алматыда 2 мыңнан астам интернет арқылы алаяққа алданғандардың дерегі тіркелген.

Бұған дейін Алматыда пәтер, көлік «сатамын» деп елді алдаған алаяқтар туралы жазған болатынбыз.