Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылды
Семей қаласы әкімінің орынбасары Д.А. Гариковке қатысты тәртіптік шаралар қолдану туралы хат жолданды.Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Н.А. Фесенкоға қатысты сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Сондай-ақ оны әкімшілік жазаға тартты. №9 ОМ директоры Н.В. Тегай және №43 ОМ директорының міндетін атқарушы А.В. Искринаны әкімшілік жауапқа тартты.
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге көше сыпыртқан шенеуніктер жазасыз қалмайтынын айтқан болатын.