Бүгін Президент қатысатын жиын тікелей эфирден көрсетіледі  

Бүгін Президент қатысатын жиын тікелей эфирден көрсетіледі  

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тағы парақшасында жазды.

Онлайн форматта өтетін іс-шара «Хабар 24» телеарнасынан Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 11:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.