Жолды қайта жөндеймін деп 27 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды – видео  
Жолды қайта жөндеймін деп 27 миллион теңгеден астам қаржы жымқырды – видео  
Фото: mosasfalt.com
137
оқылды

Агенттіктің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті Қостанай қаласында жолдарды қайта жөндеу кезінде 27 млн астам теңгені жымқыру дерегін анықтады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеуде мердігер «Galara» ЖШС мен Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі арасында 612 миллион теңгеден астам сомаға Қостанай қаласының Набережная көшесін қайта жөндеу шарты жасалғаны белгілі болды.

«Galara» ЖШС бас директоры ТКШ бөлімі инспекторының көмегімен іс жүзінде көрсетілмеген (құм-қиыршық тас қоспасынан, ұсақ тастан жасалған негіздердің төсейтін және тегістейтін қабаттарын орнату бойынша) қосымша қызметтер бойынша орындалған жұмыстардың жалған актісін ұсынды.   https://youtu.be/tk4niwItcLo  

Жалған акт негізінде ЖШС есепшотына 27 миллионнан астам теңге негізсіз аударылды. Кәсіпорын директоры мен бөлім қызметкері 5 жылға бас бостандығынан айырылды.