Пойыздың жолсерігін соққыға жыққан ер адам ұсталды
Пойыздың жолсерігін соққыға жыққан ер адам ұсталды
Фото: atpress.kz

Ақтөбе-Атырау пойызының жолсерігін соққыға жықты, – деп жазады sputnik.kz.

Атырау стансасындағы полиция бөлімшесіне 51 жастағы жолсеріктен шағым түскен.

«Ер адам жұмыс кезінде соққыға жығылғанын айтты. Мұқыр стансасында белгісіз адам оған дауыс көтеріп, ескертуден кейін жұдырық жұмсаған» делінген хабарламада.

Полиция 24 жастағы Атырау тұрғынын ұстады. Қылмыстық кодекстің 1-бабы 293-бөлімі бойынша іс қозғалды.

Бұған дейін тек қана әйелдерге арналған вагон сынақ ретінде жолға шыққанын жазған болатынбыз.