Қаржылық мониторинг агенттігі күдікті туралы ақпаратқа сыйақы жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі күдікті туралы ақпаратқа сыйақы жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі 1984 жылғы Ақмола облысының тумасы Қайырбеков Дастанбек Байтұрсынұлына мемлекетаралық іздеу жариялады. Азамат Д.Қайырбеков ҚР ҚК 362-б. 4-б. 3-тармағымен (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін күдікті болып отыр.

"Іздестіріліп жатқан адамды анықтап немесе оның ықтимал орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондары немесе Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарлауды сұраймыз", – делінген хабарламада.
Іздестіріліп жатқан адамның орналасқан жері туралы нақты ақпарат ұсынғаны үшін ақшалай сыйақы бар, анонимділікке кепілдік беріледі.