Елбасы мемлекетті басқарудан бас тартатынын бірінші кімге айтты?
Елбасы мемлекетті басқарудан бас тартатынын бірінші кімге айтты?
155
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттіктен бас тарту туралы шешімімен алғашқы болып қай елдің президентіне хабарлағанын айтты.
«Бұндай жайттарды таратуға болмайды, мен ол туралы ешкімге айтпадым. Сол күні таңертең біздің үлкен көршіміз Путинге хабарластым, ол таңғалысын жасырмады. Мен айттым: Бұл туралы кешке хабарлаймын, мен сіздің өз аузымнан естігеніңізді қаладым. Одан басқа, мемлекет басшыларынан ешкім білмеді. Мемлекетті басқарудан бас тарту туралы ой маған 2015 жылы келді», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасында көрсетілген "Штрихи к портрету. Откровение" деректі фильмінде.
https://www.youtube.com/watch?v=4bZMn989a18