Теміртауда мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды
Теміртауда мерзімді қызметтегі сарбаз өз-өзіне қол салды
©caravan.kz
170
оқылды
Теміртауда әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз өзін-өзі атып өлтірді.
«Оқиға 21 қазан түнгі сағат 01.30 шамасында мерзімді қызметтегі әскери қызметші бекетте қарумен өз басына оқ атқан. Ол шұғыл түрде қалалық ауруханаға жеткізілді. Өкінішке орай, қабылданған шараларға қарамастан, ол сағат 2.20-да көз жұмды. Аталған факт бойынша Орталық өңірдің Әскери-тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда», - деді ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Марқұм болған қатардағы жауынгер 20 жаста және Түркістан облысында туған.