«Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Ержан Жылқыбаев қоғамдық қабылдау өткізді. Онда тұрғын үйге, арық жүйесіне, қоғамдық көліктің қатынауына және жер теліміне қатысты мәселелер қаралды.
Қала әкімі Ержан Жылқыбаев қабылдауға келген азаматтарға көтерілген проблемалар бойынша заң аясында жауап берілетінін және оларды шешу бойынша тиісті сала басшыларына нұсқау берілетіні түсіндірілді. Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Тараз қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының қаладағы тұрғын үйлерге, мекемелер мен әлеуметтік нысандарға жылу беру мәселесі талқыланды. Комиссия отырысында Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары және Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімдерінің басшылары мен «ТаразТрансЭнерго» мемлекетік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары баяндама жасады. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерді, мекемелерді және әлеуметтік нысандарды 7 кәсіпорын жылумен қамтамасыз етеді. Жылумен қамтамасыз етуші кәсіпорындардың барлығы қыс маусымына қажетті отынмен (көгілдір, қатты, сұйық) қамтамасыз етілген. «ТаразТрансЭнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қарасты жылу желілерінің ұзындығы – 202,1 шақырым. Кәсіпорын 1 037 көпқабатты тұрғын үйлерді, 330 мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етеді. Жеке қазандықтар абоненттерінің саны – 2 338. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінің тарапынан тиісті мекеме басшыларына қаладағы тұрғын үйлер мен мекемелерге, әлеуметтік нысандарға жылыту маусымы кезінде жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз ету, Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасының «Соқыр және нашар көретін балаларға арналған облыстық «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аумағындағы жылу құбыры ауыстырылған жердің асфальт жабындысын қайта қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыру, жертөлелердегі жылу құбырлары ескірген үйлердің құбырларын алдағы жылдары ауыстыру бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жылу жүйесі арқылы жылуды көпқабатты үйлердегі элеватор торабының бірінші ысырмасына дейін келісілген температуралық режимде үздіксіз жеткізіп отыру жөнінде және т.б. бірқатар ұсыныс берілді.Би-Барыс КӨКШЕ