Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді
Тәжікстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді
158
оқылды

Қазақстан ұлттық құрамасы Тәжік­стан құрамасымен жолдастық матч өт­кізеді. Бұл туралы Қазақстан футбол фе­дерациясының баспасөз қызметі ха­бар­лады.

ФИФА жолдастық матчтар күнтізбесі бойынша Қазақстан құрамасы Тәжікстанмен жолдастық кездесу өткізетін болды. Қос федерация келіссөздер жүргізіп, екеуара матч ұйымдастыруға ымыраласты. Ойын 16 қараша күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталуы Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19.00-ге белгіленген. Айта кетейік, Тәжікстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде 114-орында тұр. Ал Қазақстан 125-орынға жайғасқан. Осы ойынға дейін ұлттық құрамамыз 13 қараша күні әлем чемпионатының іріктеу сыны аясында Франция командасына қарсы ресми матч өткізеді.

Әбілмансұр ЖАСАН