Алматы әуежайында көлік пен ұшақ соқтығысты – видео
Алматы әуежайында көлік пен ұшақ соқтығысты – видео
Фото: kazinform.ru
356
оқылды

Оқиға бүгін таңғы сағат 7-лер шамасында болған. Полиция департаменті апаттың себебін анықтап жатыр.

«Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді» делінген ресми хабарламада.

Ұшақ FlyJet.kz әуекомпаниясына тиесілі және 22 қазан күні таңғы сағат 7:00-де Бакуден ұшып келген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @kris_p_kz +21 | ??Kz (@kris_p_kz)

Бұған дейін Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысып қалған болатын.