Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.
Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің тәртібі, процесі туралы мәлімет таратты.Банк таратудағы негізгі мақсат – кредиторлардың талаптарын орындау, олармен есеп айырысу, банктің барлық операциясын аяқтау. Таратылатын банктердегі қаражатты қайтаруы туралы мына сілтемеден толық оқи аласыздар.«Қазіргі уақытта 9 банк – Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, Asia Credit Bank және Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін лицензиясынан айырылған банктер туралы жазған болатынбыз.