5 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа кеңестіктің жаңа келбеті» атты қазақ тілінде онлайн-контент жасаушылардың V форумы өтеді.
Форумға жыл сайын қазақтілді БАҚ саласындағы ең үздік сарапшылар, журналистер, блогерлер мен влогерлер, веб-сайттардың бас редакторлары жиналып, жергілікті және шетелдік спикерлермен кәсіби тәжірибе алмасады, сондай-ақ бейресми кездесулер өткізеді.
Биыл Форум аясында «Соңғы 30 жылдықтағы қазақстандық БАҚ пен қоғам», «Жаһандық және қазақстандық медиадағы жаңа тенденциялар», «Пандемия кезіндегі медиа–трендтер» секілді тақырыптарды талқылап, сонымен қатар Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші медиа-сарапшыларының шеберлік сыныптары мен тренингтерін өткізу жоспарланып отыр.
Форум қонақтары мен спикерлері:
• Аида БАЛАЕВА, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі;
• Джуди КУО, АҚШ -тың Қазақстан Республикасындағы елшісінің міндетін атқарушы;
• Бағдат МУСИН, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
• Ерлан ҚАРИН, Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі;
• Рауан КЕНЖЕХАНҰЛЫ, «Ұлттық Аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры;
• Қарлыға МЫСАЕВА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті деканының орынбасары
• Әлішер ЕЛІКБАЕВ, журналист, PR маманы, кәсіпкер, Astana Group президентінің кеңесшісі;
•Мақпал ЖҰМАБАЙ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарматөрайымының орынбасары
• Марат ОРАЛҒАЗИН, шоумен, сценарист, режиссер жәнепродюсер;
• Ерболат БЕДЕЛХАН, әнші, продюсер;
• Айзат ҚҰСАЙЫНОВ, «ÕZEN» лейблінің негізін қалаушы, продюсер;
• Алмас ЖАЛИ, продюсер, «Brave Talents» продюсерлікорталығының негізін қалаушы;
• Асхат ХАЛИМОВ, продюсер, «JKS ENTERTAINMENT»негізін қалаушы;
• Ғалымжан КЕНШІЛІК, шоумен, «Қазақстан» РТРК тележүргізушісі;
• Абай СЕРҒАЗИЕВ, GALAMAT MEDIA басшысы;
• Өркен КЕНЖЕБЕК, блогер, тележүргізуші;
• Думан СМАҚОВ, factcheck.kz сайтының бас редакторы;
• Айсана АШИМ, The Village Kazakhstan тәуелсіз БАҚ директоры
Кештің арнайы қонақтары – ÕZEN лейблінің резиденттері: dudeontheguitar және YENLIK.
QAZFORUM-ның бастамашысы және идеялық қолдаушысы – АҚШ–тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігі.