Қарағандыда университеттің жатақханасында екі студент пышақталды
Қарағандыда университеттің жатақханасында екі студент пышақталды
Фото: yandex.kz
200
оқылды
Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университетінің екі студенті университет жатақханасынан пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Полиция департаментінің мәліметінше, 22 қазанда Қарағандыда сағат 02.40 шамасында Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жатақханасынан ауруханаға пышақталған 17 және 18 жастағы екі студент жеткізілген.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында 17 жастағы күдікті ұсталды. Ол зардап шеккендерге ашуланып, пышақ жарақатын салғанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.