Халық санағына белсенді қатысуға шақырды
Халық санағына белсенді қатысуға шақырды
Елордада интервьюерлер ұлттық халық санағы аясында қала тұрғындарын аралап шығуды жалғастыруда. Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері де шетте қалмай, астаналықтарға санақ науқанына көмек көрсетуге және белсенді қатысуға шақырды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы – бұл бірегей жалпымемлекеттік іс-шара. Ұлттық халық санағының мақсаты соңғы 10 жылда болған демографиялық, экономикалық және әлеуметтік процестер туралы шынайы ақпарат алу болып табылады. Халық санағы жас тәуелсіз мемлекетке қажет. Кез-келген елде олар қандай шаруашылыққа ие екенін, халықтың құрамы теориялық тұрғыдан емес, іс жүзінде қандай екенін нақты білуі керек", – деді "Возрождение "Немістер қоғамы" ҚБ жобалық менеджері Елена Бреннер.
 width= Жаппай үй-үйді аралау 2021 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Интервьюерлер белгіленген мерзімде санақтан өтпеген тұрғындарды онлайн режимде қайта жазатын болады. Осы іс-шараға 1,5 мыңға жуық интервьюер-есептеуші тартылды. Олар үйге сағат 9-дан 21:00-ге дейін барады. Санақ кезінде деректерді жинау үшін сәйкестендіру ақпараты ретінде сұрау салынған адамның ЖСН пайдаланылады. Бұдан басқа, халықтың қамтылуын және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылдың 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10%-ына қорытынды тексеру жүргізіледі. https://www.youtube.com/watch?v=qS8iiPRI7nU&feature=emb_title