Елордада интервьюерлер ұлттық халық санағы аясында қала тұрғындарын аралап шығуды жалғастыруда. Қалалық Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері де шетте қалмай, астаналықтарға санақ науқанына көмек көрсетуге және белсенді қатысуға шақырды, – деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы – бұл бірегей жалпымемлекеттік іс-шара. Ұлттық халық санағының мақсаты соңғы 10 жылда болған демографиялық, экономикалық және әлеуметтік процестер туралы шынайы ақпарат алу болып табылады. Халық санағы жас тәуелсіз мемлекетке қажет. Кез-келген елде олар қандай шаруашылыққа ие екенін, халықтың құрамы теориялық тұрғыдан емес, іс жүзінде қандай екенін нақты білуі керек", – деді "Возрождение "Немістер қоғамы" ҚБ жобалық менеджері Елена Бреннер.