Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында турнир өтті

Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында турнир өтті

Бүгін аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаровтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турнир өтті.

Шиелі ауданы әкімдігінің мәліметінш, турнирге еліміздегі ауыр атлетиканың дамуына үлес қосып жүрген спортшылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Атап айтсақ, бүгінгі біздің турнирдің құрметті қонағы, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанған, Қазақстанның еңбегі сіңірген спорт шебері Илья Ильин, Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шиелі ауданының құрметті азаматы П.Архабаев, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турнирге ұлдар  және  қыздар арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша 100-ден астам ауыратлетшілер бақ сынамақ. Турнирге Қырғызстан мемлекетінен, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданының спортшылары қатысуда. Еңбектегі қаһармандығы үшін әйгілі күріш өсірушіге 1949 және 1971 жылдары екі рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ыбырай атамыз сонымен қатар, 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталса, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің үш мәрте депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының мүшесі болды, 4 рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен, бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің 4 алтын медалімен марапатталды. Сөз соңында, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.