Қызылорда облысында із-түзсіз жоғалған адамның денесі табылды
Қызылорда облысында із-түзсіз жоғалған адамның денесі табылды
Фото: Sputnik.kz
137
оқылды
Қызылорда облысында із-түссіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды. Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 12 қыркүйекте С.Бегімбай жеңіл автокөлігімен Нұр-Сұлтан қаласына жолға шығып, хабар-ошарсыз кеткен. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталған. Іздестіру шараларына арнайы техника мен тікұшақ қолданылған. Нәтижесінде 19 қазанда «Қызылорда-Жезқазған» тасжолының 128-шақырымынан С.Бегімбайдың жеңіл автокөлігі және жеке заттары табылған. 22 қазанда «Қызылорда-Жезқазған» тасжолындағы далалық жерден белгісіз азаматтың мәйіті табылды. Қазіргі уақытта оқиға болған жерде жедел тергеу тобы және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр.