Шектен шыққан инвесторды ауыздықтады

Шектен шыққан инвесторды ауыздықтады

Монополиямен күре­су­ші орган қытайлық ин­вес­тор­дың әрекеттерінен жо­сық­сыз, адал емес бә­се­ке­лес­тік белгілерін әш­ке­ре­леді. Әңгіме Қытай ұлт­тық мұ­най-газ кор­по­ра­циясының ен­­ші­лес ұйы­мы – «CNPC-Ақ­төбе­мұ­най­газ» жайында. Бәсе­ке­­лес­тікті қорғау және да­мы­ту агенттігінің хабар­ла­уын­ша, Ақтөбе облысы бо­йын­ша монополияға қар­сы департаментке өті­ніш түсті.

Онда «СНПС-Ақтөбемұ­най­газ» АҚ құбырларды сатып алу кезінде өзінің конкурстық құ­жат­тамасында құбыр өнімдерін нақ­­ты бір жеткізушіден ғана са­тып алуды көздейтін техникалық шек­­теулер белгілегені айтылған. Сол арқылы еліміздегі мұнай-газ ке­ше­нінің алпауыты «адал бә­секе­лестік қағидаттарын бұзған және жеткізушілердің кең то­бы­ның конкурсқа қатысуын шектеген». Монополияға қарсы департа­мент өтінішті зерделеу бары­сында баяндалған мәліметтердің дұрыстығын анықтады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ құбыр­ла­рын сатып алу ерекшелігінде көрсетілген құбыр өнімдерінің техникалық сипаттамалары тен­дерге қытайлық CNPC тобына кіретін компанияның жеңуіне ғана мүмкіндік берді. Осылайша, адал бәсекелестік қағидаттары бұзылып, отандық өнім беру­ші­лердің алдына тоспа қойылыпты. Осының негізінде Ақтөбе об­лысы бойынша монополияға қар­­сы департамент оларды жою бо­йынша шаралар қабылдау үшін «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның атына хабарлама жібер­ді. Ин­­вестор монополияға қарсы ор­ганға хабарламаны орындау мер­зімін ұзарту туралы қарсы өті­­ніш жасады, алайда хабарла­маны орындау үшін қосымша уа­қыт қажет болмағандықтан бұл сұ­рау­ды қанағаттандырудан бас тар­тыл­ды. Нәтижесінде, агенттік ха­бар­ламасы толық көлемде орын­­далды: құбырларды сатып алу тендерінің күші жойылды.

Ерік ЕРДЕНОВ