Студенттер тұрмысы назардан тыс қалмайды
Студенттер тұрмысы назардан тыс қалмайды
157
оқылды

Бүгінде облыс бойынша 2 мыңға жуық студент жатақхана кезегінде тұр. Бұл мәселені шешу үшін «Nur Otan» партиясы Ақмола облыс­тық филиалының сайлауалды бағ­дар­ламасы аясында 2025 жылға дейін 2 700 орындық 7 жатақхана са­­­лынбақ.

Көкшетау қаласында бүгінде кол­ледж студенттері үшін 3 жатақхананың құры­лысы басталды. Қазір Көкшетау жо­ғары техникалық колледжі, Ақан сері атын­дағы жоғары мәдениет колледжі және Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педаго­ги­калық колледжінде жатақхананың ірге­та­сын қалау бойынша жұмыстар жүргі­зілу­де. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау уни­верситетінде биыл 500 орындық жатақ­хана салынады, әзірге оның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Ал құрылыс жұмыстарына жоспар бойынша 2022 жылдың ақпан айында кіріседі деп күтілуде. Осы және өзге де өзекті мәселелер пар­тия жанындағы Жастарды қолдау бойынша қоғам­дық кеңес отырысында талқыланды. Онда жатақханалардың сапалы және уа­қытылы салынуы кеңестің жіті қадаға­лауын­да болатыны жеткізілді. Кеңес оты­ры­сында, сондай-ақ жатақханаларға жүр­гізілген мониторингтің қорытындысы бойын­ша студент жастардың әлеуметтік-тұр­мыстық жағдайын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар сарапқа салынды. Мониторинг барысында кейбір кол­ледж жатақханаларында жөндеу жұмыс­тары­ның тиісті деңгейде жүргізілмегені анық­талған. Облыстық Білім басқармасы же­тек­шісінің орынбасары Валерий Гама­зовтың айтуынша, бұған оқу орындарының басшылары жауап беретін болады. Студент жастардың жатақханадағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы бақылауға алынды.

Би-Барыс КӨКШЕ