Жұмыс кезінде 140 адам көз жұмған
Жұмыс кезінде 140 адам көз жұмған

Биыл 9 ай ішінде елі­міздің кәсіп­орындарында 140 адам қаза тапқан. Жа­затайым оқиғалардың көпшілігі биіктен құлау, жол апаты салдарынан бол­ған екен. Бұл жайлы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев хабарлады.

Салалар бойынша зардап шеккендер ең көп сала – тау-кен металлургия кешенінің кәсіп­орындарында – 19,1 пайыз, сон­дай-ақ құрылыс саласында 11,3 пайыз және коммуналдық ша­руашылық саласында 5,6 пайыз тіркелген. «Мемлекеттік бақылау нәти­желері анықталған еңбек заңна­масын бұзу көрсеткішінің ша­мамен 30 пайызы еңбек қауіп­сіздігі және еңбекті қорғау сала­сына келетінін көрсетеді», – деп мәлімдеді Ербол Нұрғалиев. Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанда өндірісте зардап шеккендердің саны 10,7 пайызға қысқарған. Сонымен қатар бес жыл ішінде Қазақстанда өндірісте қаза тапқандар саны 16 пайызға азайыпты. Оқыс оқиға­лардың көбі Қазақстанның өнер­кәсіптік өңірлерінде екенін атап өткен жөн.

М.ТӨЛЕУ