Жедел жәрдем орнына тікұшақ келді
Жедел жәрдем орнына тікұшақ келді
292
оқылды

Қазақстанда шалғайда, шағын елді мекендерде тұ­ратын азаматтар шұғыл жағдайда санавиацияны ша­қыруға болатынын білмейді. Бұған «қандай жағдайда ұшақ шақыруға болатыны» туралы нақты ақпарат-жадынаманың жұртшылыққа қолжетімсіз болуы да түрткі. Әдетте, санавиация тауда адасқан туристерді іздеуге тартылады. Бұл жолы ол БҚО-да босанған әйелді тасымалдады.

ТЖМ-нің Авиациялық-құт­қару бөлімшесінің өндірістік-диспетчерлік қызметіне БҚО Ақсай қаласында 37 жастағы әйел­­­ді тасымалдау қажеттігі ту­ралы хабарлама түсті. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан дәрігерлері босан­ғаннан кейінгі асқынуларды бол­дырмау үшін әйелді тікұшақпен тасымалдау қажет деп шешті. Орал қаласындағы «Қазавиа­құтқару» АҚ әуе кемесі орналасқан жерден дереу Eurocopter EC-145 тік­ұшағы ұшып шықты. Оны құ­рамында акушер-гинеколог және реаниматолог бар жедел-жәрдем бригадасы күтіп тұрды. Әйелді 45 минут ішінде Орал қаласының әуежайына тасымалдап, сол жерден оны ауруханаға жеткізді. Ұшу белгіленген маршрутқа сәй­кес және сәтті өтті. Жыл басынан бері «Қаза­виа­құтқару» АҚ әуе кемелерімен шұ­­ғыл медициналық эвакуа­ция­лау мақсатында 629 рет ұшты. Бұл рет­­­­те 607 науқас тасымалданып, оқиға орнында 43 консультация жүр­гі­зілді, медицина қызмет­кер­лері 24 ота жасады.

Ерік ЕРДЕНОВ