Кравченко қола жүлдегер атанды
Кравченко  қола жүлдегер атанды

Отандасымыз  мерген Зоя Кравченко стенд атудан халық­аралық турнирде үздік үштікті түйіндеді.

Кипрдің Ларнака қаласында стенд атудан ISSF President's Cup Shotgun халықаралық додасы өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Зоя Кравченко скит-микс санаты бойынша жұптық додаға қатысты. Аралас жұптық дода бойынша ол франциялық жұбы Эрик Делаунаумен бірге жарыстың қола жүлдегері атанды. Әлем кубогының финалы болып саналатын дүниежүзілік бәсеке 24 қазанға дейін жалғасады.

А.ЖОЛДАС