Әмина да жеңімпаз
Әмина да жеңімпаз
135
оқылды

Қазақстан 11-14 қазан ара­лығында Италияда өткен әй­гілі Sanremo Junior-2021 халық­аралық байқау-фести­валінде үздік үштікке енді.

Ковид жағдайы мен карантин шараларына, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы шекаралардың ішінара жабықтығына қарамастан  Сан-Ремо каласына әлемнің 22 елінен өкілдер келді. Олардың арасында отандасымыз скрипкашы әрі вокалист, 10 жасар Әмина Арыстанбек болды. Жас вокалист әрі скрипкашы байқау финалында Fairytale композициясын оркестрмен бірге  орындады. Естеріңізде болса, бұл әнмен  2009 жылы Александр Рыбак «Евровидение» жеңімпазы атанған еді. Әмина ән байқауында 2-орынды иемденді. Сонымен қатар украиналық «Евровидение балалар академиясының» халық­аралық байқауының финалына қонақ ретінде шақырылды. Арнайы шақырту сыйлығын Evrovision Junior ән байқауының директоры Влад Багинский тапсырды. Аталған конкурс осы жылдың 30 қазанында Киев қала­сында өтеді.

Ж. НҰРЛАН