Алматыда науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімі ұлғайтылады
Алматыда науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмек тізімі ұлғайтылады
Сурет: inform.kz
197
оқылды

Алматыда тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі жаңасымен толықты, - деп хабарлайды Ашық НҚА сайты. 

Қалалық мәслихат 2020 жылдың 30 қазанындағы "Дәрі-дәрмекпен қосымша қамтамасыз ету туралы" шешімге толықтырулар енгізетін жоба әзірледі. Енді келесі дәрілер науқастарға тегін беріледі:
  • муковисцидоз – заласыздандырылған Nutriet Standard 200 мл, Nutriet Energy 200 мл, Nutriet Standard 350 г.;
  • қимылдай алмау синдромы – октагам;
  • ойық жара – адалимумаб;
  • бұлшықет дистрофиясы – этеплирсен, дефлазакорт, голодирсен;
Аталған шешім жобасы 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.