Сауд Арабиясы екпе алған азаматтарға маскасыз құлшылық етуге рұқсат берді
Сауд Арабиясы екпе алған азаматтарға маскасыз құлшылық етуге рұқсат берді
Сурет: РФПИ/С.Залесов-Накашидзе
199
оқылды

Сауд Арабиясы Covid-19 таралуын шектеу шараларының жеңілдетілуіне байланысты маскасыз умра жасауға рұқсат етті. Сондай-ақ, енді мешітте ара қашықтық сақтамай намаз оқуға болады, – деп хабарлайды Informburo.kz сайты.

Екпе алған азаматтар Әл-Харам және Пайғамбар мешітіне де кіре алады. Бейнежазбада қағбадағы ескертулер мен ара қашықтық белгілерін алып тастағанын көруге болады. Сауд Арабиясы мен ішкі істер министрі коронавирусқа қатысты 19 айға созылған шектеулердің жеңілдегені және енді маскасыз құлшылық етуге болатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, бір жарым жыл бойы жабық тұрған қағба ашылды.