Мемлекет басшысы биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы заңға қол қойды, – деп хабарлайды Ақорда сайты.
"Президент "Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды" делінген хабарламада.Бұған дейін заң жобасын Парламент палаталарының депутаттары мақұлдаған болатын.