Екі команда Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды
Екі команда Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды
201
оқылды

Бұл турда «Ақсу» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңді.

Осылайша, 47 ұпаймен көш басында тұрған павлодарлық клуб Бірінші лиганың аяқталуына бір тур қалғанда Премьер-лигаға жолдама алды. Ал «Мақтаарал» «Оңтүстік Академия» командасын 2:0 есебімен қапы қалдырып, өз алаңында маңызды үш ұпайды иеленді. Бұл жеңісінен кейін 46 ұпайы бар «Мақтаарал» үшінші орындағы «Қыраннан» төрт ұпайға озып кетті. Енді олар соңғы турда жеңіліп қалса да, түркістандық клуб екінші орыннан түспейді.

Айта кетейік, қос клуб та өз тарихында алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алып отыр.

А.ЖАСАНҰЛЫ