Сауда үйінде болған ұрлық видеоға түсіп қалған
Сауда үйінде болған ұрлық видеоға түсіп қалған
Фото: yandex.kz
134
оқылды
Сүйіктісімен сауда үйіне барып, манекендегі жаңа күрткені ұрлаған 26 жастағы жігіт ұсталды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=9&v=jKojxkS3d1A&feature=emb_title Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт сүйіктісімен "Әсем" сауда үйіне барған. Бір кезде оның көзі бутик сыртында тұрған манекенге киілген жаңа күрткеге түседі. Қасындағы серігін аксессуар қарауға жіберіп, өзі манекендегі "Найк" маркалы сырт киімді шешіп, киіп алады. Осыдан кейін жастар оқиға орнынан ізін жасырады. Ал сатушы бұл уақытта бутик ішінде отырған. Жедел іздестіру шаралары барысында полиция 26 жастағы қала тұрғынын ұстады. Анықталғандай, бір жыл бұрын күдікті ұрлық үшін істі болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Жігіт кінәсін мойындады, сыртқы киім алынды, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.