Жеңілмеген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке дайындығы туралы айтты
Жеңілмеген қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке дайындығы туралы айтты
Фото: sportx.kz
193
оқылды
Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Твиттерінде келесі жекпе-жекке дайындығы туралы жазды. Қазақстан боксшысы жекпе-жектерінің негізгі бөлігін өткізді, енді азы қалды. Ол чемпиондық белдікке қатысты талаптары туралы тағы да мәлімдеді.
"86 раунд өткізілді, 14-і қалды", – деді Әлімханұлы.
Айта кетейік, боксшы 6 қарашада Лас-Вегаста WBO және WBC Silver "уақытша" әлем чемпионы титулының иегері, француз Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) жекпе-жек өткізеді.