Әлем біріншілігінде гір көтеруден қазақстандық атлет күміс медаль иеленді
Әлем біріншілігінде гір көтеруден қазақстандық атлет күміс медаль иеленді
Фото: Vesti.kz
243
оқылды
Ақмолалық атлет гір көтеру спортынан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Венгрия елінде гір көтеру спортынан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Байрақты жарысқа 32 елдің ең мықты спортшылары өнер көрсетуде.
«Ұлттық құраманың сапында болған ақмолалық спортшы Жамбыл Оспанов 95 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге қол жеткізді», - деді ведомстводан.
Жамбыл Ақмола облысының Астрахан ауданында бапкері Бақтияр Жұмабековтың жетекшілігімен жаттығады.