Милад Карими әлем чемпионатында жетінші орын иеленді
Милад Карими әлем чемпионатында жетінші орын иеленді
Жапонияның Китакушу қаласында спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгін еркін жаттығудан финалдық кезең аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.  Қазақстан командасының мүшесі еркін жаттығудағы финалда 7-ші орын иеленді. Ол 14,333 ұпай жинаған. Алтын медальды италиялық Николя Бартолини (14,800), күміс жүлдені жапониялық Казуки Минами (14,766), қоланы финляндиялық Эмиль Сораву (14,700) еншіледі. Ертең Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығу бойынша финалда өнер көрсетеді.