Зарина Дияс АҚШ-тағы турнир финалына шықты
Зарина Дияс АҚШ-тағы турнир финалына шықты
Сурет: azh.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Джорджиядағы (АҚШ) турнирдің финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz

W80 жартылай финалында WTA рейтингінде 104-орынды иеленген Зарина Дияс әлемнің 94-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад-Майяны екі сетте 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Финалдық матчте Дияс америкалық Мэдисон Бренглмен (84-ші) кездеседі.